Маленькие таланты
Описание
«Маленькие таланты» жобасы аясындағы кезекті кездесу 2022 жылдың 11 мамырында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің «Шәкәрім атындағы № 1 орта мектеп» КММ-нің спортшы балаларымен өтті. Олар облыстық, республикалық деңгейде жеңіске жетіп жүрген: боксшы – Боранбаев Дарын, Рахымбай Нұрдәулет, Әуезхан Нұртілек, дзюдо чемпионы – Черияздан Ерасыл. Кездесу бірнеше бөлімдерден тұрды. «Спорт - менің өмірім» бөлімінде әр талант иесі спорт жолындағы жетістіктері мен табысқа жету құпияларымен бөлісті. Ал оқырмандар спортшыларды қызыға тыңдап, спорт жайында қойылған сұрақтарына жауап алды. Кезекті «Шынықсаң – шымыр боласың» бөлімінде көрермендермен бірге қазақтың ұлттық «Арқан тартыс», «Асық ату» спорт ойындары ойналып, ұлттық спорт ойындары туралы мол ақпараттармен танысты. "Спорт – денсаулық кепілі" бөлімінде балалар әртүрлі спорт түрлерін сипаттайтын, салауатты өмір салтының құпияларын ашатын белгілі олимпиадашылар туралы әңгімелейтін кітаптармен танысты.
Очередная встреча в рамках проекта «Маленькие таланты» прошла 11 мая 2022 года с юными спортсменами, победителями областных и республиканских соревнований - боксерами Боранбаевым Дарыном, Рахимбай Нурдаулетом, Ауезхан Нуртилеком, дзюдоистом Черияздан Ерасылом. Все они являются учащимися КГУ «Средняя школа №1 имени Шакарима» акимата города Усть-Каменогорска. Встреча состояла из нескольких разделов. В первом, ознакомительном, под названием «Спорт-моя жизнь» - каждый обладатель таланта поделился секретами успеха и достижений на спортивном пути. Участники встречи смогли задать интересующие их вопросы о данном виде спорта. Во втором разделе «Шынықсаң – шымыр боласың» - речь шла о знании казахских национальных спортивных игр, некоторые из которых («Арқан тартыс», «Асық ату») были сыграны присутствующими. В разделе «Спорт – залог здоровья» ребята познакомились с книгами, описывающими разные виды спорта, рассказывающими об известных олимпийцах, раскрывающие секреты здорового образа жизни.
#маленькие_таланты #спортменіңөмірім #vkolibrary #кiтапхана #шқобжк #вкодюб
Рекомендуемые видео



















