Qazaqstan qoryqtary (-)
Описание
Қазақстан қорықтары туралы рэптің минусы (Алматы, ХББ НЗМ, 2019)
Қазақстан қорықтары
Қазақстанда ерекше қорғауға
Алынған мемлекеттік аумақтарға
Қорықтар, қорықшалар, резерваттар
Және Ұлттық парк жатқызылуда.
Ең басты мақсаты 10 қорықтың -
Сиреп немесе жойылып бара жатқан
Флора мен фауна сақтау өкілдерін,
Даму заңдылығын анықтау табиғаттың.
Ең алғашқы қорық – Ақсу-Жабағылы
1926-да ұйымдастырылды.
Қорықта қорғауға алынған сүтқоректі:
Арқар, бұғы, елік, Сібір таутекесі.
Алматыда Іле өзен жазығының
Қызықты нысаны боп табылады
150 метрлік Әнші құмдар.
Сонымен қатар мұздар, құздар да бар.
Қарағайлы ну орман мен көлдерін
Наурызым құрылған сақтау үшін.
Өсімдіктің 961-і кездессе,
Аңның 39 түрі кездесуде.
Қорғалжын құстарынан ең бастысы -
Теңіз көлінің қызғылт фламингосы.
Жатады авифауна қатарына
Бірқазан мен сұңқылдақ аққу да.
Сонымен қатар осы Қорғалжын көлі
Суда жүзетін құстардың бір мекені.
Қорық дүниежүзілік атаққа ие боп,
ЮНЕСКО-ның ландшафт тізіміне кірді.
Марқакөл қорығының жалпы ауданы
75 мың гектарды алып жатады.
Қорықта марал, қоңыр аюменен
Сиг-ускуч балығы да тіршілік етеді.
Үстіртте Қызыл кітапқа енгізілген
Кесірткенің сұр түрі мекендейді.
Сирек кездесетін жануар өкілінен
Жайран, бүркіт, балобан көрінеді.
Жарық және қараңғы қылқанды тайга
Табиғи кешені бар Батыс Алтайда.
Бар ауданы 56 мың тең гектарға.
Бұл кешеннің екеуі назар аудартуда.
Барсакелмес орналасқан Арал теңізі
Қорғайды қарақұйрық, ақбөкенді.
Өсімдіктің 257-і өссе,
Қазір олар жойылудың түр халінде.
Сулы батпақты ландшафт Алакөлде
Құстары судың оны мекендеуде.
Аққу, қаз, тырна мен шағаланы
Қорғау боп табылады бас мақсаты.
Соңғы боп ашылған Қаратау қорығы
2004 жылы ғана ұйымдастырылды.
Көлемі жағынан кіші болғанмен,
Ерекшеленеді ол эндемик санымен.
Қазақстанның басты қорықтарының
Қайталанбас сұлулығын сақтаудың
Ғылыми негізін жасау жөніндегі
Үлкен мақсаттар мен тұр міндеті!
Рекомендуемые видео

















